Мектебім – алтын ұям

Достар, сендер Нәзір Төреқұловтың кім екенін білесіңдер ме? Ол – қазақтан шыққан алғашқы елші.  Өте білімді болған, сегіз тіл білген.

Біздің мектептің оқушылары  өте адал дос және бір-біріне үнемі қолдау көрсетеді. Біз мектепте спорт және басқа да іс-шараларға белсенді қатысамыз. Мектебіміз заманауи кабинеттер, кітапхана, спортзал және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Мен Нәзір Төреқұлов атындағы мектебімді мақтан тұтамын және оның дамуына үлес қосуға тырысамын. Өйткені, мектебім – менің екінші үйім, ол маған өмірге жол көрсетіп, білім беріп отыр.

Нәзір Төреқұлов мектебім – алтын ұям,

Өзіңнен нәр аламын, білім табам.

Ұстаздарым білімді, тәжірибелі,

Апайлармен осылай мен мақтанам.

Бекнар БАҚБЕРГЕНҰЛЫ