СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ

Бұл теңеу үлкендерге ғана арналмаған. Балалардың бойынан да осындай жақсы қасиеттерді табуға болады. Жалпы қай оқушыны алмайық, бойынан бір өнер ұшқыны көрініп тұрады. Оны ашу – үлкендер мұғалім мен ата-ананың міндеті.

Біздің 5 «А» сыныбында Мұхамеджан Еділ деген оқушы бар.  Осы баланы  бір сырлы, сегіз қырлы десем қателеспеймін. Спортпен айналысқанды өте жақсы көреді. Және қандай жарысқа бармасын жүлделі орындардан көрініп, ата-анасын, мектепті, достарын қуантып жүр.

Ол футболға қатысады. Мықты қақпашы.  Садақ атуға барады, мерген. Сабағына келсек, әсіресе, есепке жүйрік. Сурет те салады. Кейде суырып салып өлең шығаратыны да бар.

Бүгінде ол пәндік олимпиадалардан аудандық сайыстардың жүлдегері атанып жүр.  Талабы мен табандылығы, қайсарлығына қарап, бәлкім өскенде спорттан халықаралық сайыстардың жүлдегері атанып, мемлекетіміздің атын шығаратын шығар деп үміттеніп қоямын. Мен осындай шәкіртіммен  мақтанамын.

Өнерің өрге жүзсін, Еділ!

Сынып жетекшің: Айнұр АЛТЫНБАЕВА.

№75 мектеп-гимназиясы,

 Шымкент қаласы